Еңбекті қорғау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар
Компания техникалық қауіпсіздік, өндірісті жоспарлау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті (ӨҚ), еңбек қорғау (ЕҚ), азаматтық қорғаныс (АҚ) және төтенше жағдайларды (ТЖ) жедел басқаруды Серіктестіктің өндірістік қызметі үдерісінде қамтамасыз етеді.
Компания өз қызметінде қолданыстағы заңнамалық құжаттарды, нормативтік - құқықтық актілерді, Жарғы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Саясаты, Серіктестіктің ұйымдық – өкімдік құжаттарды басшылыққа алады.
- Компания кәсіпорында және оның бөлімшелерінде ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ бойынша заңнамалық және өзеге де нормативті-құқықтық актілердің сақталуын бақылайды, Серіктестіктің ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ саласы бойынша Серіктестіктің қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздандыруын жүзеге асырады;
- Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын зерттейді, жұмыстардың өндірісінің үздік әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды және кіргізеді;
- Серіктестікте ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ сұрақтары бойынша алдын-алу жұмыстарын жоспарлауды жүзеге асырады;
- Кәсіпорын өзінің негізгі қызметін жүзеге асырған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін қадағалайды;
- Серіктестіктің ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ жағдайларын талдайды;
- ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ - ны нығайтуға, кәсіптік жарақаттардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
Жұмыс істегеннен бастап әзірленді және мақұлданды:
- ӨҚ, ЕҚ саласындағы Серіктестіктің Саясаты;
- Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқару жүйесі (ЕҚБЖ);
- Еңбек жағдайының ведомстволық бақылауы туралы ереже;
- Мердігерлік ұйымдарды іріктеу кезінде ӨҚ, ЕҚ саласында бағалау жүргізу туралы ереже;
- ӨҚ және ЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, білімдерін тексер және нұсқау беру туралы ереже;
- Демалыс және мейрам күндерінде кезекшілік туралы ереже;
- Бөлімше ережесі;
- Қауіпсіздік белгілері мен сигналды түстер туралы ереже;
- Қызметтік лауазымдық нұсқаулар, мамандықтар және жұмыс түрлері бойынша нұсқаулар.
ӨҚ, ЕҚ, АҚ және ТЖ бөлімінің инженерлері Серіктестік және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері жұмысының өндірістік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау Ережелерінің сақталуын күнделікті тексереді , нұсқаулықтар өткізіледі, ӨҚ және ЕҚ қызметкерлерін оқыту жүргізіледі, техниканың техникалық жай-күйін және жабдықтың жұмысқа жарамдылығының заңнаманың талаптарына сәйкестігі тексеріледі.