Қоршаған ортаны қорғау

Өндірістік қызметтің басынан бастап Компанияда қоршаған ортаны қорғау қызметі (ҚОҚ) ұйымдастырылды. Бұл бөлімшенің жұмысы «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» -тың жұмыс істейтін іскерлік - ахуалды, әлеуметтік ахуалды қалыптастыратын іргетастардың бірі болып табылады. Сондықтан Компания аймақтағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз міндеттемелерін растайды.

Компаниядағы ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесі келесі қағидаттарға негізделеді:
  • Қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдаланумен және келісімшарттық аумақта және тұтастай алғанда аймақтағы қоршаған ортаға әсерімен байланысатын, табиғи ресурстарды шаруашылық және басқа да қызметті жүзеге асырған жағдайда пайдалану және өндеуді реттейтін осындай бастамаларды ұсынуға және іске асыруға;
  • Қоршаған ортаның ластануын болдырмау және адамның өміріне және денсаулығына қолайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу үшін болашақта шығарылатын экологиялық көрсеткіштердің ҚОҚ саласындағы көрсеткіштерін үздіксіз жетілдіру курсы;
  • ҚОҚ-қа қатысты барлық мәселелер бойынша ҮЕҰ-мен, қоғамдық және мемлекеттік органдармен диалогқа дайын болу және өзінің ашықтығын арттыру;
  • Қоршаған ортаның жай-күйін ескере отырып, экологиялық реттеудің әлеуметтік-экономикалық даму шарттарына сәйкестігі;
  • Tабиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етудегі экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары мен ережелерін қатаң ұстану;
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына үйлестіру.

«Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» – і мұнай компаниясы Қызылорда облысының Сырдария ауданында орналасқан келісімшарттық аумақта жұмыс жасайтын жас табысты компаниялардың бірі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғаудың мақсаты - қоршаған ортаның сапасын сақтай отырып, мұнай өндіру операцияларын үйлестіру қажеттілігі болып табылады.

Компания Экологиялық кодекске сәйкес жұмыс істейді және өндірістік қызметтің қызметкерлердің денсаулығына теріс әсерін төмендетуге, компания қызметкерлерінің денсаулығын және компанияның өндірістік объектілерінің жұмыс істеу аймағында тұратын халықтың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қолайлы табиғи ортаны сақтауға, өндірістік қалдықтарды және шығарындыларды азайтуға ұмтылады.

Компания бірнеше жылдар бойы мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
  • Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында Компания жыл сайын қоршаған ортаны қорғау шараларына, ресурстарды үнемдейтін технологиялар мен халықаралық стандарттарға сай процестерді енгізуге қомақты қаражат бөледі. Тиісті Жоспарда көзделген және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен келісілген бұл іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде жүзеге асырылуда. Мәселен, егер 2019 жылы қоршаған ортаны қорғауға бөлінген қаражатты игеру 298,04 млн теңгені құраса, 2020 жылы қаражат 181,9 млн теңгені құрады.

  • Өзінің кен орындарында өндірілетін ілеспе газды экологиялық қауіпсіз пайдалану -Компанияның басты міндеттемелерінің бірі болып табылады. Серіктестікте әр кен орнына ілеспе газды дамыту және қайта өңдеу жөніндегі Бағдарламалар әзірлген және оларда көзделген шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

  • Кәсіпорында өндірістік қызмет үдерісі нәтижесінде пайда болған қалдықтардың түрлері, мөлшері және пайда болуы туралы есеп үнемі жазылып отырады. Өндіріс пен тұтынудың барлық қалдықтары шарттық негізде мамандандырылған кәсіпорындармен шығарылады.