«Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» -інде студенттерге арналған іс-тәжірибе

«Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін өндірістік практикаға студенттерді қабылдауды жариялайды. Түйіндемені resume_hr@kzpg.kz поштасына жіберуге сұраймыз.

Егер Сіз жоғары курс студенті болсаңыз, онда «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» -і кәсіби мамандар командасына кіру уақыты келді. Студенттер үшін бір айдан екі айға дейін созылатын, ұсынылатын өндірістік іс-тәжірибе Бағдарламасына сәйкес, Сіз өзіңіздің мамандығыңыз бойынша нақты тәжірибеге ие боласыз.

Іс-тәжірибе барысында Сіз шебер қызметкерлермен бірге компания бөлімшелерінің бірінде жұмыс жасайтын боласыз. Өндірістік іс-тәжірибе Сізге пайдалы білім мен іскерлік әдеп алуға мүмкіндік береді және мансаптық өсу үшін қажетті кәсіби дағдыларды жетілдіруге көмектеседі.

Төменде сіз студенттік іс-тәжірибе өту үрдісі туралы ақпаратпен таныса аласыз:

  • Өндірістік іс-тәжірибе Сізге пайдалы білім мен іскерлік әдеп алуға мүмкіндік береді Тәжірибе компанияның бөлімшелерінің бірінде өтеді.

  • Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттер, Қазақстан Республикасының азаматтары, 18 жасқа толған және одан жоғары, белгіленген тәртіпке сәйкес өндірістік тәжірибеге жіберілуі мүмкін.

  • Соңғы екі жылда оқитын студенттердің өндірістік іс-тәжірибе ұзақтығы - бір ай, бірақ диплом алдындағы кезеңде тәжірибе тақырыбы Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ жобасына байланысты болса, тәжірибе тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.

  • Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ оқудың барлық кезеңінде кемінде төрт (4) балл орташа бағасы бар үміткерлерді қарастырады.
  • Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ студенттердің оқу нәтижелері бойынша ең үздік студенттерді іріктеуге және сұхбаттасу нәтижесіне байланысты таңдауға құқылы.
  • Мамандықтар бойынша орындар саны тиісті бөлімшелердің сұранысына сәйкес анықталады.

Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ-тағы студенттер іс-тәжірибесін өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша өздерінің деканатына немесе өз мекемесіндегі студенттік тәжірибеге жауапты тұлғаларға жүгінуі керек.