Мансап
«Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» -нің ең құнды активі - қызметкерлер.
Біздің стратегиямыз жұмыста жоғары нәтижеге жететін, қажетті дағдылар мен құзыреттерге ие болатын жоғары білікті жұмысшыларды тарту және ұстап тұруға бағытталған.
Компанияда қызметкерлерді іріктеу және сұрыптау саясаты әзірленген, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына және компанияның міндеттеріне сәйкес келеді. Саясаттың мақсаты әділ және дұрыс шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ желілік менеджерлері мен іріктеу топтарына ішкі және сыртқы іріктеу кезінде көмек көрсету болып табылады.
Ішкі саясатқа сәйкес, бос лауазымдарға іріктеу үрдісі компанияның ішінде жасалынатын ішкі іріктеу және сыртқы көздерден іріктеуге бөлінеді. Бұл ішкі іріктеуге назар аударуға мүмкіндік береді, сол арқылы өз қызметкерлеріміздің жоғарылауы мен дамуына үлес қосып, басқа мүмкіндіктермен тең мүмкіндіктер және артықшылықтар беруге мүмкіндік береді.
Сыртқы іріктеу кезінде компания түрлі көздерді, мысалы баспа бұйымдар, Интернет-порталдар (Headhunter, Linkedin), қызметкерлерді іріктеу бойынша агенттіктер (рекрутингтік агенттіктер), жеке байланыстар, жеке деректер базасы және т.б. сияқты түрлі көздерді пайдаланады, бұл Қазақстандағы және шетелдегі әлеуетті үміткерлерді іздестіру географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осылайша, барлық үміткерлерге әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаты, сондай-ақ сұрыптау және іріктеудің әртүрлі әдістерін пайдалану арқылы, Компания нарықтың өз сегментінде жетекші орынға ие болу мүмкіндігін беретін арнайы корпоративтік мәдениетпен «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» командасын қалыптастыруға ықпал етеді
«Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» -і алдына қойылған міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындайды.
толығырақҚызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ – та студенттерге арналған тәжірибе
Егер Сіз жоғары курс студенті болсаңыз, онда «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты ЖШҚ» -і кәсіби мамандар командасына кіру уақыты келді.
толығырақЖұмысқа жалдау кезінде алаяқтық
Жұмысқа жалдау кезінде алаяқтық компания атынан болжанатын тұлғалардан/топтардан келетін электрондық хабарламалар, SMS-хабарламалар немесе хаттар сияқты түрлі ақпараттық ресурстар түрінде болуы мүмкін.
толығырақ